2026 жылдың 23 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сыныбында құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік тақырыбында сынып сағаты өткізілді. Оқушылар заңға құрметпен қарау, мектеп ережесін сақтау және әрбір іс-әрекетіне жауапкершілікпен қараудың маңызын талқылады. Құқықтық тәртіп пен әлеуметтік жауапкершілік – саналы тұлға қалыптастырудың негізгі қағидалары екені атап өтілді.
Қауіпсіздік сабағының 10 минуттық бөлімінде «Гаджеттерден қалай тәуелді болмау керек?» тақырыбы қарастырылды. Оқушыларға экран уақытын шектеу, әлеуметтік желіні мақсатсыз қолданбау, бос уақытты пайдалы істерге арнау және ұйқы режимін сақтау жөнінде түсіндірме берілді.
Сынып сағаты барысында оқушылар тәртіп, жауапкершілік және цифрлық қауіпсіздік – жарқын болашақтың кепілі екенін түсінді.
Сынып жетекшісі: Таукеева Салтанат Зарузадиновна
#Адал_азамат
KZ


