2026 жылы 18 ақпан күні облыстық «Медицинаға қадам» жобасы аясында медсынып оқушылары Қоңырат шағын ауданында орналасқан емханаға экскурсия жасады. Мақсаты – оқушыларға медицина саласындағы түрлі мамандықтардың ерекшеліктерін таныстыру және оларды болашақ мамандық таңдауына бағыттау болды. Экскурсия барысында оқушылар дәрігерлер мен медбикелердің жұмысы туралы толық ақпарат алды. Аурухананың әртүрлі бөлімдерін аралап, мамандардан кәсіби кеңестер тыңдады.
Жетекшісі: Мамырбаева М.М.
Кәсіби бағдар беруші Токтаубаева Г.Ж.
#Адал_азамат
#кәсіби_бағдар_беру

KZ

