24 ақпан күні 8Б сынып оқушылары арасында «Алғыс білдіремін» тақырыбында эссе жазу жұмысы өткізілді.
Шараның мақсаты – оқушыларды үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, ата-анаға, ұстазға, досқа және Отанға деген ризашылық сезімдерін арттыру.
Эссе барысында оқушылар өздерінің жүрекжарды алғыстарын білдіріп, өмірдегі маңызды адамдарға деген құрметін әсерлі жеткізе білді. Жазба жұмысында мейірімділік, сыйластық, адамгершілік құндылықтары кеңінен көрініс тапты.

KZ

