7А сыныбында «Ұлы физика» тақырыбында сыныптан тыс танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушылар «Физика әлеміне саяхат» жасап, қызықты сұрақтар мен тәжірибелер арқылы білімдерін сынады.
Оқушылар физикалық құбылыстар, жылу өткізгіштік, энергия түрлері және Ньютон заңдары бойынша сұрақтарға жауап беріп, топтық жұмыстар орындады. Белсенділік танытып, өз ойларын еркін жеткізе білді.
KZ


