2026 жылдың 23 ақпан күні Ыбырай Алтынсарин атындағы №25 жалпы білім беретін мектебінің 7 «А» сыныбында «Алғыс айту – рухани байлық» тақырыбында тағылымды сынып сағаты өтті. Сынып сағатының мақсаты – оқушылардың бойында ризашылық сезімін қалыптастыру, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету құндылықтарын дәріптеу болды.
Алғыс айту – адамның ішкі мәдениеті мен жан дүниесінің тазалығын айқындайтын асыл қасиет. Ризашылық білдіру арқылы адам айналасына жылулық сыйлайды, өзара сыйластық пен сенімді арттырады.
Іс-шара аясында оқушылар өз өміріндегі ерекше жандарға арнап алғыс сөздер жазып, ізгі тілектерін білдірді. Бұл олардың рухани дүниесін байытып, адамгершілік құндылықтарды терең сезінуге ықпал етті.
Қорытындысында алғыс айту – жай ғана сөз емес, ол – жүректен шыққан шынайы ықылас пен парасаттылықтың белгісі екені айтылды. Ризашылыққа толы жүрек – қоғамдағы татулық пен бірліктің негізі.
Сынып жетекшісі: Таукеева Салтанат Зарузадиновна
#Адал_азамат
KZ


