"Айша және қауіпсіздік ережелері"-мектепке дейінгі және бастауыш сынып жастағы балаларға арналған,жылы да жанға жақын алғашқы қадамдық қауіпсіздік нұсқаулығы.Кітапта кішкентай Айшаның күнделікті өмірде кездесетін түрлі жағдайлары арқылы балаға ең қажетті қауіпсіздік дағдылары жеңіл, түсінікті әрі әсерлі түрде баяндалады.Бұл шығарма-баланың өмірлік дағдыларын қалыптастыруға арналған шынайы әрі құнды жолсерік.
Баланың жас ерекшелігіне сай,оқуға өте жайлы тілмен жазылған бұл еңбек-автордың 10 жылдық педагогикалық тәжірибесі мен аналық сезімталдығының нәтижесі.Әр бөлім баламен бірге отырып оқу мен ой бөлісуге ыңғайлы етіп жасалғандықтан,кітап ата-ана мен бала арасындағы жылы қарым-қатынасты нығайта түседі.

KZ




