Skip to content

📢 Кәсіби бағдар беру күні – “Мамандықтар марафоны” байқауы 19.02…

📢 Кәсіби бағдар беру күні – “Мамандықтар марафоны” байқауы

19.02 күні мектебімізде Кәсіби бағдар беру күні аясында «Мамандықтар марафоны» байқауы өтті.

👩🏻‍🔬👨🏻‍🏫 1–4 сынып оқушылары өздері дайындаған мамандықтар макеттерін мектептің 1-қабатындағы үстелдерге орналастырып, сағат 12:00-де 1–2 минут көлемінде жұмыстарын қорғады. Оқушылар әр мамандықтың ерекшелігі мен маңыздылығын таныстырып, шығармашылықтарын көрсетті.

🏆 Байқау қорытындысы бойынша жүлделі
🥇 І орынды 1А(мұғалім мамандығы) , 2Ә(тігінші) сыныптары,
🥈 ІІ орынды 1Ә(дәрігер), 2А(шахтер), 4Ә(ұшқыш), 3А(шаштараз) сыныптары,
🥉 ІІІ орынды 2Б(жол полициясы), 4А(кеденші), 4Б(өрт сөндіруші), 3Ә (аспаз) сыныптары ие болды.
3Б (есепші) сыныбы байқауда белсенділік танытқаны үшін сертификатпен марапатталды.

Байқаудың екінші кезеңінде 5-7 сынып оқушылары информатика кабинетінде өз презентацияларын қорғап, таңдаған мамандықтары бойынша мазмұнды ақпарат берді.Қорғау барысында оқушылардың ізденісі мен дайындық деңгейі жоғары екені байқалды.
Бұл кезеңде жүлделі 1 орынға ие болған 5Ә(мұғалім мамандығы), 7А(заңгер) сыныптары,
2 орынды 5А(дәрігер), 6А( ТЭЦ, конвейер машинисі),
3 орынды 6Ә(дәрігер), 6Б( ойын құрастырушылар), 7Ә(стюардесса), 7Б(заңгер) сыныптары ие болды. Сондай -ақ, байқауда белсенділік танытқаны үшін 7Б(заңгер) сыныбы сертификатпен марапатталды.

Шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылардың болашақ мамандыққа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Кәсіби бағдар беруші педагогтар: Токтаубаева Г.Ж.
Назымбекова Ж.М.
#кәсіби_бағдар_беруші